jasqazaq.kz

УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

18 маусым 2021, 11:31

УЕФА Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатқан ойыншылардан баспасөз конференциясында демеушілердің құтысына тиіспеуді талап етті, деп хабарлайды Reuters.

Сондай-ақ УЕФА өкілдері турнирге қатысушыларға демеушілік шаралар турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін ескертіп, демеушілерге құрметпен қарауға шақырды.

«Демеушілік турнир үшін де, Еуропа футболы үшін де маңызды», — деді Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен.

Мартин Каллен ойыншыларға баспасөз конференциясындағы әрекеті үшін УЕФА тарапынан айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.

«Демеушілерге қатысты келісімшарттық міндеттемелер — Еуро турнирінің ережесінің бөлігі. УЕФА ойыншыларға тікелей жаза қолдануды көздемейді», — деп түсіндірді Мартин Каллен.

Еске салайық, жақында Португалия ұлттық құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду баспасөз конференциясында демеушілер ұсынған Coca-Cola сусынын үстелден алып тастап, оның орнына су ішуге шақырды.

Арада бірер күн өткенде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Поль Погба демеушілер ұсынған Heineken сусынын (сыра) алып тастады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия