jasqazaq.kz

UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» жарысты жалғастырады

29 шiлде 2021, 22:51

Бүгін, 29 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Шахтер» командасы Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған клуб 1947 жылы құрылған. Команда1961-2017 жылдар аралығында «Стяуа» атауымен жанкүйерлерге жақсы таныс. Өз елінде 26 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл олар күміс жүлде алып, еурокубокта бақ сынауға жолдама иеленді. Бір апта бұрын Румынияда өткен ойында ФКСБ «Шахтерден» 1:0 есебімен басым түсті. Сондықтан қазақстандық клуб екі гол айырмасымен жеңіске жету қажет болатын. Ойынның бірінші кезеңінде Михаил Габышев 11-минутта есеп ашқан болатын. Бұдан кейін екі команда тарапына есепті өзгертетін мүмкіндіктер кездесті. Екінші кезеңде румыниялық клубтан Флоринел Коман 76-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Ал 91-минутта қазақстандық Айдос Тәттібаев қайтадан өзінің командасын алға шығарды. Кездесуде «Шахтер» қарсыласын 2:1 есебімен басым түсті. Екі ойынның нәтижесі осылайша 2:2 есебімен теңесті. Биыл сырт алаңда соғылған гол екеуге есептелетін ереже алынып тасталған болатын. Осылайша ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Ойын соңынан кейінгі пенальтиде «Шахтердің» жолы болып, жарыстың үшінші сатысына жолдама алды. Сондай-ақ, бүгін UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Хорватияның «Хайдукты» қабылдаса, елордалық «Астана» сырт алаңда Грекияның «Арис» командасымен жасыл алаңға шығады. Енді «Шахтер» жарыстың үшінші сатысында Украинаның «Колос» командасымен кездеседі. Ойындар 5 және 12 тамыз күндеріне белгіленген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия