
«Вильярреал» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.
Польшаның Гданьск қаласында өткен финалда Испанияның «Вильярреалы» мен Англияның «Манчестер Юнайтеді» ойнаған.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Голдарды Х.Морено, 29 (1:0) және Кавани, 55 (1:1) соқты.
Қосымша уақытта гол салынбай, финалдық матч пенальти сериясына дейін жетті. Онда испаниялық клубтың жолы болды.
«Вильярреал» Еуропа лигасының осы маусымында бір рет те жеңілмеген клуб болды.
Vesti.kz