jasqazaq.kz

УЕФА Англияға қарсы тәртіптік іс қозғады

09 шiлде 2021, 10:46

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы Англия мен Дания құрамалары арасындағы EURO-2020 матчінің қорытындысы бойынша тәртіптік іс ашты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Англия футбол қауымдастығына жанкүйерлер лазер таяқша қолданғаны үшін, Дания әнұранын орындап жатқанда жанкүйерлердің орынсыз әрекеті мен трибуналарда пиротехника қолданғаны үшін айып тағылды.

 

УЕФА бақылау-этикалық және тәртіптік инстанциялары (CEDB) Дания қақпашысы Каспер Шмейхельді қарсыластары қақпаға айып добын соғу кезінде лазер сәулесін көзіне шағылыстырып, кедергі келтірген ағылшын жанкүйерлеріне де қатысты істі қарап жатыр.

Ағылшын Гарри Кейн қосымша уақытта 11 метрден соққы жасауға дайындалып жатқанда Дания құрамасының қақпашысының бетіне белгісіз біреу лазер жаққаны атап өтілді. Оған қарамастан, Шмейхель соққыға тойтарыс бере алды.

Еске салайық, Англия тарихта алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты. 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финал матчінде Англия құрамасы Данияны жеңді. Лондондағы Уэмбли стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия