jasqazaq.kz

Учаскелік полицей бір отбасының пәтерақысын төлеп берді

26 сәуiр 2020, 20:51

#үйдеотыр

Ақтөбеде полиция қызметкері Бахтияр Жақыпов карантин кезінде қаржылық қиындыққа тап болған отбасыға көмектесті. Жас ана өз алғысын әлеуметтік желі арқылы білдірді.

«Чекалин көшесінде пәтер жалдап тұрамын. Пәтерақысын төлей алмай, 8 күнге кешіктірдік. Өзімнің 2 жастағы және 4 айлық балам бар. Жолдасым карантин кезінде жұмыссыз қалып, 42500 теңгеге өтініш берді. Ақшаның аударылуын күттік. Ал пәтер иесі «күте алмаймын, шық« деп адам жіберді, учаскелік полиция шақырды. Полиция қызметкері Бахтияр Жақыпов жағдайымды түсініп, пәтерақысын өз қалтасынан төлеп берді. 40 мың теңге төледі. Бес минут көрген адам артық сөзсіз, айқай-шусыз үлкен көмек көрсетті. Алғысымыз шексіз», — деп жазды қала тұрғыны.

Бақтияр Жақыпов 10 жылдан бері құқық қорғау саласында еңбек етеді. Өз ісін ерлікке баламайды, сұхбат беруге де қарсы.

«Бақтияр Жақыпов Рамазан айында қайырымды іс жасауды жөн көрген. Оның бұл ісі замандастарына үлгі деп есептейміз. Әрі жан-жаққа жариялап, ашық айтуды жөн көрмеді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі