jasqazaq.kz

Учаскелік инспекторларға қатысты жаңа алгоритм қабылданды

28 қыркүйек 2020, 12:23

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-те жеке аккаунтын ашады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. 

«Өткен аптадағы шараларға тоқталмас бұрын, Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунты ашылатынын хабарлаймын. Бұл қадам — полицияның ашық, қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз», — деді Нұрділдә Ораз министрліктің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өткен аптада «курсанттардан бастап Ішкі істер министрлігінің басшылығына дейін полицияның жаңа форматтағы жұмысы қалай болуы тиіс? «деген сұрақты өзара талқылап, Алматыдағы Есболатов атындағы Ішкі істер академиясында пікір таластырды. Ол жерге ЕҚЫҰ-ның жанындағы сарапшылар келіп өз ойларымен бөлісті. Полицейдің жаңа образын жасауда, олардың жұмыс істеу форматын жетілдіруде қазіргі ведомствалық білім берудің тетіктерін қайта қарастырылу қажеттігі айтылды.

«Учаскелік инспекторлардың жұмысы үшін жаңа алгоритм қабылданды. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Жолдауында учаскелік инспекторлардың мәртебесін жоғарылатуды тапсырған болатын. Осыған орай Ішкі істер министрлігі ЕҚЫҰ жанындағы Бағдарламалар кеңсесінің мамандарымен бірігіп, учаскелік инспекторлардың халықпен қалай жұмыс жасау қажеттігі, өз жұмыстарында қандай бағытта жүруі тиіс екендігі, қызметтік міндетін кіршіксіз атқаруы үшін білуге тиіс ережелер бар жинақтама жасап шықты», — деді ресим өкіл.

ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия