jasqazaq.kz

Уәлибек Әбдірайымов: Фонограммамен ән айтатындарды соттау керек (видео)

05 сәуiр 2021, 15:55

Белгілі актер, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов Қазақстанда концерттерге арнайы лицензия беру туралы заң қабылдау керек деп есептейді. Оның ойынша, заң жүзінде тірі дауыста ән орындалмайтын кештерге рұқсат берілмеуі қажет.

Уәлибек Әбдірайымов фонограмма мәселесіне қатысты ойын Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбаты кезінде айтты. Ол жанды айтпайтын әншілерді соттау керек екенін айтты. «Шетелде әнді минуспен айтса билет құнын шамамен 500 немесе 1000 теңгеге түсіріп тастайды. Ал плюс айтатын болса, билет саттырмайды. «Клип түсіріп, қайырымдылық концерттерде ән сал» деп шығарып салады. Егер байқатпай фонограммамен ән салсаңыз, бірнеше рет айыппұл төлетіп, үшінші рет қайталанса соттайды. Қытайда сондай. Өзбекстанда да концертке лицензия сұрайды. Бізде солай болса мәдениет өсіп, өнерді бағалай алар едік. Ал фонограммамен айтып жүргендердің бәрін соттай салу керек. Жоқ, айыппұл салған тиімдірек. Сол кезде мәдениет бөліміне ақша түседі. Қоймаса, айыппұл көлемін арттырса, өзі-ақ айтпайтын болады. Сосын іріктеліп, шын әншілер қалады. Медеу Арынбаев, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейітжанов, Жұбаныш Жексенұлы сияқты әншілердің бағы жанады» , — деген ол.

nur.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия