jasqazaq.kz

Уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау атвобекетіне шабуыл жасады

07 қазан 2018, 15:30

Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады. Басқыншы бетін бет пердемен жауып алған. Кассир қызметкеріне тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, екі миллион теңгеден асатын соманы алып кеткен. Оқиға 5 қазанда болған, дәл сол күні ІІМ криминал бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. «Амал не, күдікті Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы басшысы болып шықты. Қылмыс құралы, тіркелген карбина және ұрланған ақша тәркіленді», — деді Сәдубаев. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. «Қызметкерімнің мұндай әрекетке барғаны үшін дұйым жұрттың алдынан кешірім сұраймын», — деді ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді