jasqazaq.kz

Уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырған

17 сәуiр 2020, 21:32

Ақтөбеде ер адам уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырып алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1984 жылғы ер адамда COVID-19 диагнозы расталғанын хабарлады. Ол уақытша тергеу изоляторында болған.

Сонымен қатар, бүгін Ақтөбе облысында коронавирус 11 және 5 жастағы балалардан, сондай-ақ 32 жастағы әйелден анықталды. Олар — бұрын анықталған науқаспен жақын байланыста болғандар.

Барлық науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ауру жұқтырғандардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

17 сәуірде сағат 14:59 уақыты бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1480-ке жетті. Оның 306-ысы емделіп, жазылғандар, 17-сі қайтыс болды. Ақтөбе облысында КВИ бойынша 18 науқас анықталды.

zakon.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық