jasqazaq.kz

Уақыт өте келе сәбиінің жынысы өзгерген ана сотқа жүгінді

02 қараша 2019, 12:12

Сәбидің жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінуіне тура келді! Алматы тұрғыны сәбиінің құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатқан екен. Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді. Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты. Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты. Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған. Алайда уақыт өте келе сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат сәбилерін ең болмаса құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді.

Кристина Бобенко:

Қыз тапқаныма сенімдімін. Даусы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жеделжәрдем шақыртсақ, «куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда» деп сұрайды. Осы түсінбеушіліктің кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді