jasqazaq.kz

Уақыт келді! Баян образын халық өзі таңдайды

16 ақпан 2018, 16:54

Жуырда ұлттық арна экранынан тарихи тақырыптағы отандық шығарылым — «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясы көрсетілді. Туындының көрермендер көкейінде ұнамсыз ой қалыптастырып, резонанстың орын алуына ұйытқы болғаны жасырын емес. Сыни пікірлер әсіресе, басты кейіпкер Баян Сұлудың образына бағытталды, яғни көрермен қауым өз қалауындағы шынайы, жырдағы бейнемен ұштасатын қазақ аруын көре алмады.

Сонымен қатар, жұртшылық бұл рөлге еш кастинг болмағанын да тілге тиек етіп жатты. Ендігі кезекте, әркімнің халық арасынан осы образды таңдауда өз дауысын беруіне мүмкіндік ашылып отыр. Көрермендердің пікірі мен қалауын ескерген «BAYAN SULU – 2018» Республикалық жобасы – халықтың ойымен ұштасатын Баян Сұлу образын ел арасынан таңдау мүмкіндігін ұсынады. Әр қазақстандық онлайн дауыс беру арқылы ұлттық эпос кейіпкерінің бейнесіне сай, сайыс қатысушысына өз дауысын бере алады. Байқаудың нақты шартын алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде