jasqazaq.kz

Уақытша тіркеуге тұрмағандар бір айдан соң айыппұл төлейді

15 шiлде 2017, 10:16

Құқық қорғау органдары жұртшылықты тағы да ескертіп жатыр. Енді заң бойынша басқа жерге айдан аса сапарлаған адам 10 күн ішінде уақытша тіркеуге тұруға міндетті.

Әйтпесе, 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 16 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Бір жылда екінші рет тіркеусіз ұсталса, 30 мың теңге төлейді. Елді дүрліктірген Үкімет қаулысы тек 16 жасқа толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты емделіп жатқандарға және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге ғана жүрмейді. Ал уақытша тіркеуге 1 айдан 1 жылға дейін тұруға болады. Бірақ, одан көп мерзімге келгендер тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда уақытын 4 жылға дейін ұзарта алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, ғаламтор арқылы тікелуге де мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, азаматтардың тіркеусіз жүрген уақытын анықтау тетіктері заңда сол күйі нақтыланбаған. Сондай-ақ, полицейлер ешкімді аңдып жүріп ұстамаймыз деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Жедел алдын алу жұмыстары болады деген сөз емес. Бұл өз жұмыс бабымен мысалы, учаскелік инспектор немесе із кесушілер азаматтардың құжаттарын тексеретін болса, егер осындай олқылықтар, қателіктер анықталатын болса ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ktk.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі