jasqazaq.kz

ТЖМ: Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі бар

25 наурыз 2022, 14:42

Бес облыста тасқын жүруі ықтимал. Ол Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай өңірлері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдай қызметі судың көтерілуі ғарыштан бақыланып отырғанын мәлімдеді. Егер күн күрт жылынса, қауіп көбейеді. Ал егер қалыпты жағдайда болса, қиындық туындамайды, қауіп сейіледі. Биыл түскен қардың көлемі шекті мөлшерден аспаған. Ал тоңның қалыңдығы 30-40 сантиметрден 1 жарым метрге дейін жетеді. Осы уақытқа дейін Төтенше жағдай қызметі 1823 бөгетке техникалық бақылау жүргізді. Оның ішінде 25 гидротехникалық нысанның иесіз тұрғаны анықталды. Қауіп солардан болуы мүмкін.

«Төтенше жағдайлар министрлігі, жол тазалау қызметтері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және барлық жергілікті атқарушы органдармен осы қауіптің бетін қайтару бойынша біраз жұмыстар жасалды. Нәтижесінде 10010 елді мекеннің 340-ында су тасқу қаупі толығымен жойылды. Ал 385 елді мекенде барынша азайтылды және де 285 елді мекенде қазіргі таңда су тасу қаупі сақталуда. Осы шаралардың алдын алу үшін 50 мың адамды әзірлікке қойдық. Осындай су тасу қаупі болатын болса, Қазақстанның әр аймақтарында бұл кісілер өзінің жұмысын атқарады», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде