
22 желтоқсан, кешке Гондурастағы түрмеде жазасын өтеушілер арасында жаппай төбелес болып, 19 адам ажал құшты. Бұл туралы Лайф.ру басылымы жазды. «Осы жексенбіде Порвениреде орналасқан түзету мекемесінде 19 адам зорлықпен өлтірілді»,– делінген басылым таратқан ақпаратта. БАҚ-тың хабарлауынша, пышаққа түсіп қалған тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайдан кейін түрме басшылығы тарапынан шұғыл қолға алынған шаралар туралы әзірге айтылмады.