jasqazaq.kz

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air компаниясын бесінші рет сотқа берді

28 қантар 2021, 12:35

25 қаңтарда Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті «Bek Air» АҚ компаниясын бесінші мәрте сотқа берді.

Бесінші талап арызда комитет 62 адамның мүддесін қорғайды. Талап арыздың сомасы – 3,5 млн теңге. Естеріңізге сала кетейік, сот комитеттің «Bek Air» компаниясына қатысты алғашқы төрт талап арызын қанағаттандырды, ал екі арыз заңды күшіне енді.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»заңға сәйкес мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерге өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Заңнама талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушылары ғана уәкілеттік берілгеніне назар аударамыз. Сондықтан тұтынушылар сот орындаушыларына жүгінуге құқылы, олар сот шешімдерін орындау бойынша уақтылы шаралар қабылдауға міндетті. Атқарушылық парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының палатасына жүгіну қажет.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде