jasqazaq.kz

Түсіпбаева көк туды ұстап шыққан жалаңаш аруға шүйлікті

09 маусым 2020, 12:41

Меруерт Түсіпбаева көк туды подиумға ұстап шыққан жартылай жалаңаш қызды сөгіп тастады. Өнер иесі іш киіммен жүріп өткен бойжеткен бұл әрекетімен мемлекеттік рәмізді қорлады деп есептейді.

Аталмыш фотоны көріп, ашуға бой алдырған эстрада жұлдызы сылқымның қылығын ғана емес, оның дене бітімін де сынға алған.

Меруерт Түсіпбаева ел алдына бар мүсінін паш етіп, көк туды ұстап өткен қызға қатысты ойын Instagram парақшасында ашық жеткізген. Әнші мемлекеттік рәмізге осылай сыйластық танытпағандарды жауапқа тартуға шақырды. «Осындайларды жауапқа тарту керек. Қазақстан заңы, мемлекеттік рәміз. Егер көк туымыздың жаны, қол-аяғы болса, сенің қолыңа түспес еді, жақындатпас еді жанына. Әттең-ай, сәнқойлар. Көрсеткілерің келсе, жөні түзуін таппайсыңдар ма?! Құдай-ай, не деген фигура? Карантиннен кейінгі менің фигурамнан аумайды екен. Мұсылмандығымыз қайда қалды?! Ең қинайтыны, көк туымыз-ай қор болған», — деп жазды ол.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Осындайларды жауапқа тарту керек ….#законыкз#госсимволика Егер көк туымыздің, жаны, қол- аяғы болса, сенің қолыңа түспес еді…. жақындатпас еді жанына🤣Әттең- ай…..Модники🤢Көрсеткілерің келсе, жөні түзуін таппайсыңдар ма?!Боже… что пигурааа??После карантина, менің фигурамнан аумайды екен😳😁🤣🤣🤣#этоказахстандетка Мұсылмандығымыз қайда қалды?!Ең қинайтыны, көк туымыз- ай… қор болған🤔🤔🤔🤔

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

nur.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық