Түсіпбаева қазақ тілінде түсініксіз сөйлеген Гүлжан Қарағұсованы сынады (видео)
24 тамыз 2018, 17:14
Желіде Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың қазақ тілінде түсініксіз сөйлеген видеосы тарап кетті. Бұл бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары ана тілінде дұрыс сөйлей алмаған депутатты сынап тастады.
NUR.KZ. жазғандай, Мәжіліс депутатының бұл видеосы әлеуметтік желіні жаулап алды. Ал шенеуніктің сөздерін түсіне алмаған оқырмандар оған ана тілін үйрену қажеттігін айтты.
Депутаттың қазақ тілінде сөйлей алмауына шүйліккен жұрттың арасында отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева да бар. Әнші бір емес, бірнеше рет күлкіге қалған депутаттың ана тілін білмеуі ұят екенін айтты. Ол шенеунікті ана тілінде сөйлемей-ақ қоюға шақырды.