jasqazaq.kz

Түсіне қайта-қайта кіре берген соң көрінен қазып алып, өртеп жіберген

24 қараша 2017, 11:37

Ресейдің Курган қаласының тұрғыны Юрий Головин қыздың денесін көрінен қазып алып, түсіне кіре бермесі үшін өртеп жіберген, — деп хабарлайды Znak.com.

Ер адам мен оның досы көмілген жерді қорлағаны үшін (РФ ҚК 244-бабы айыпталды. Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2017 жылы тамызда мас күйдегі жігіттер таксимен Менщиково ауылындағы молаға келіп, бес жыл бұрын қайтыс болған қыздың мәйітін қазып алған. Олар сол жерде суретке түсіп, кейінірек «ВКонтакте» желісіндегі еске алушылар тобында жариялаған. Сосын табытпен қыздың сүйегіне бензин шашып, өртеп жіберген. Ұсталғаннан кейін, ер адам түнгі жаман түстерден құтылу үшін осындай әрекетке барғанын айтады. Оның айтуынша, өлген қыз түсінде өзімен бірге кетуге шақырады екен. Тірі кезінде қызбен жігіт бір айдай уақыт жүрген. Айырылысқаннан кейін екі ай өткенде, қыз өзіне қол жұмсаған. «Мен бұл туралы интернеттен оқыдым. Осы әрекетімнің арқасында мен одан құтылдым — ол менің түсіме кірмейтін болды», — деді Головин. Қыз бала балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет істеген. Ол 2012 жылы сәуірде балалар үйіндегі бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсаған. Кейін осы оқиғадан кейін Менщиково ауылында тұратын қыздың таныстары моладан әрдайым жігітті көретіндерін айтқан. Олардың айтуынша, ол сол жерде ұзақ уақыт бойы отырып, кейде ұйықтап қалатын немесе ішімдік ішетін болған.

tengrinews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды