jasqazaq.kz

Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті: Полиция түсінік берді

08 қазан 2020, 10:07

Әлеуметтік желіде қазақстандық шоу бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың жол талғамайтын көлігі адам қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қарағанды ​​облысының полициясы бұл жағдайға түсінік берді.

Ақпарат Kokshetau Asia ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған.

БАҚ мәліметінше, 34 жастағы ер адам жол апатына түсіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

«Артынша марқұмның туыстары қара Лексус қазақстандық шоу бизнес өкілі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін айтқан.

Марқұмның анасы жәбірленуші тарап ретінде оған деген алалаушылық автокөлік иесінің танымалдылығымен байланысты екеніне сенімді», — деп хабарлайды журналистер.

Қарағанды облысының полициясы оқиға былтыр қазан айында болғанын растады.

«Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген «Лексус» көлігін тізгіндеген Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны түнгі уақытта Омарқұлов.Е есімді азаматты қағып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында сараптама жүргізіліп, нәтижесінде «Лексус» көлігінің жүргізушісі тас жолда келе жатқан жәбірленушімен соқтығысудың алдын ала алмаған. Одан бөлек, «Лексус» көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде сау болған, ал жәбірленуші орташа дәрежелі мас күйде болған. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», — дейді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмаз Саламатов.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде