jasqazaq.kz

Тұрсынбек Қабатов көмекшісі көлікпен қағып өлтірген ер адамның әйеліне өтемақы төлеуден бас тартты

03 қараша 2021, 15:24

Қазақстандық танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов пен оның көмекшісі екі жыл бұрын Қарағанды облысында болған және адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша үкіммен келіспей, аппеляцияға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InBusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот ортақ тәртіпте Тұрсынбек пен оның көмекшісі көз жұмған азаматтың артында қалған жесірге 8 миллион теңге төлеу туралы шешім шығарған.

Сол қайғылы оқиға болатын күні көлікті айдаған оның көмекшісі өз кінәсін мойындамай отырған көрінеді. Ол жәбірленуші мас күйде қараңғы уақытта жол ортасына жүгіріп шықты деген уәж айтуда.

Аппеляция Нұр-Сұлтан сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламов пен Мұрат Солтыбаев және Алма Есімова судьяларының қатысумен қаралды.

«Адвокаттар сотталушының кінәнің дәлелденбеуіне байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша ақтау және ҚР ҚК 346-бабы бойынша жазаны жеңілдету туралы өтінішін қолдайды. Себебі қараңғы уақытта көлік жүретін жол бөлігінде мас күйде болған жәбірленушінің әрекетіне баға берілмеген. Алайда бұл сотталушының салдарынан адам өліміне алып келген жол ережесін өрескел бұзу бойынша іс-әрекетін ақтай алмайды», — деді Әділхан Шайхисламов.

Тұрсынбек Қабатовтың талапарызын сот алқасы кері қайтарды. Олардың айтуынша, азаматтық талапарыздар бойынша дұрыс шешім шыққан.

«Моральдік шығын келтірілгені үшін жауапкершілік сотталушыға және көлік иесіне ортақ тәртіпте жүктелуінің негізі бар. Қабатов өз көмекшісіне көлікті ерікті түрде берген. Яғни оған көлік құралын сеніп тапсырды. Сот үкімі өзгеріссіз қалдырылады», — деді сот алқасы.

Еске салсақ, жол апаты 2019 жылдың қазанында Нұра ауданындағы Ахмет аулының маңында болды. Lexus маркалы көлік мінген Қабатовтың көмекшісі 34 жастағы Ерлан Омарқұловты қағып кетті. Ол көз жұмды.

16 тамызда елордадағы №2 Алматы аудандық соты ҚР 345-бабының 3-бөлімі — жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, абайсызда адам өліміне әкелгені және ҚР 346-бабының 1-бөлімі көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рөлге отырғаны бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот жесірдің пайдасына сотталушы және Тұрсынбек Қабатовтан 8 миллион теңге өндіру туралы қаулы етті.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр