jasqazaq.kz

Тұрсынбек Қабатов: «қызыма қыз-жігіт арасында болатын қатынас туралы айтып түсіндірем»

23 қазан 2018, 15:08

Тұрсынбек Қабатов отбасында қатал әке екенін ескертіп, қыздарымен барлық тақырыпта ашық сөйлесетінін айтты. Одан бөлек неліктен той гонарарын 15 мыңға көтергенін айтты.

«Мен қыздарыммен ашық сөйлесем. Анасынан гөрі маған жақын. 13 жастағы қызыма қыз-жігіт арасында болатын қатынас туралы айтып түсіндірем. Қыздарымның бәріне күйеуді өзім тауып берем деп отырам. Қыздарым оған көнеді. Өйткені қыздар жастық шақта соқыр болады. Сезімге ереді. Мен әлі күнге дейін қыздарымның құлағын тескен жоқпын. Сырға салғанда бір-ақ теседі. Қазақтың сырға салуы содан шыққан деп ойлаймын», – дейді Қабатов The Эфир бағдарламасында.

Ол той қаламақысын не себепті 15 мың долларға көтергенін айтты. Өзінің шығармашылықпен айналысқысы келетінін жеткізді.

«Тойға шақырушылар көп болып, үлгермей кеттім. Әркім арқылы шығып ұсыныс айтатындар болды. Атын атамай-ақ қояйын, бұжырбет бір кісілер телефонды неге көтермейсің деп есік алдына дейін келген кездер болды. Әкімдік атынан шығып хабарласып жатты. Осының бәрі шаршатты. Сосын қаламақыны 15 мың долларға көтеріп тастадым. Осы бағаға келісетінерге барам. Басқа уақытта құлағым тыныш. Шығармашылықпен айналысуға уақыт табылды. Тойдан тапқан ақшамен-ақ күн көруге болатын еді. Бірақ мен сахнада өмір сүргім келеді. Өз театрымды ашқым келеді. Кино саласында жұмыс істеп жатырмын. Ал, тойға арасында ғана шығып тұрам», – дейді Тұрсынбек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді