
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңді. Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, «Құбыжық» лақап атын иеленіп үлгерген. Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен. Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады. 69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан) +91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Одай Альхивдави (Иордания)