jasqazaq.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа айыптыларды қандай жаза күтіп тұр?

12 қантар 2020, 18:00

«Хабар» телеарнасындағы «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы заңнамадағы соңғы өзгерістерге түсінік берді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бірінші ескерту жасалады деп айттыңыз. Ол ескертуге көнбей, үй ішінің тағы да шырқын бұзатын болса, бұл адам қамауға алынады. Кейін қамаудан шығып, тағы да үй ішінің берекесін алатындарға шара қолдану көзделген бе?», — деп сұрады телеарна тілшісі Бас прокурордың орынбасарынан.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов мұндай жағдайда тиісті жаза ескерілгенін атап өтті.

«Ескерту деген бәріне бірден қолданылмайды. Сот істің мән-жайын зерделеп, адамның әрекеттеріне назар аударады. Осы орайда аталған адам жасаған құқық бұзушылығына өкініп жатыр ма? Жәбірленуші оны кешірді ме? Толық мойындап, келтірген залалын өтеп жатыр ма? Яғни бұл жағдайлардың барлығына баға беріліп, сосын ғана ескерту жасалады. Ал егер бұл құқық бұзушылық қайталанып жатса, ол адам 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Екі және одан көп мәрте қайталанса, онда бұл іс қылмыстық қудалауға жатады», — деп түсіндірді ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Бұл тұрғыда жүйелі түрде жәбірлеу мәселесі ескеріліп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр.

«Сотта қаралғаннан кейін, сот шешімі қабылданған жағдайда, осы оқиғалар тізімге енгізіледі. Бұл фактілер жабулы қазан күйінде қалмайды, яғни осының барлығы мінездеме ретінде қаралады», — деді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық