jasqazaq.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 46%-ы ерлер

21 сәуiр 2022, 17:25

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың 54 пайызы нәзік жандар. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жартысынан көбісі мас күйде жасалады. Осы тұста айтып өтетін жайт, жазаны күшейту мәселені шешпейді. Біздің ойымызша, алдымен отбасының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешу керек. Екіншіден, насихаттау жұмысын жетілдіре түскен жөн. Оның ішінде ересектермен ғана емес балалармен де жұмыс істеу керек. Балалардан бастау керек. Себебі ешкім бұл өмірге қылмыскер болып келмейді. Ата-ана да баласының қылмыскер болғанын қаламайды», — деді Әсет Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұрмыстық жанжалдың себебі әртүрлі.

«Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 54 пайызы әйелдер, қалғаны ер адамдар. Көбіне отбасылық жанжалдан туындайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегенде тек ерлі-зайыптылар арасындағы проблема ғана емес, әке мен бала арасындағы келіспеушілік немесе жанжал да жатады. Сол секілді бауырлардың арасында болуы да мүмкін. Осыған ұқсас жайттар тұрмыстық зорлық, күш көрсетуге жатады», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр