jasqazaq.kz

Тұрмыстық техника тасымалдап келе жатқан жүк көлігі толықтай жанып кетті

15 желтоқсан 2022, 13:45

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тұрмыстық техника тасымалдап келе жатқан жүк көлігі толықтай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 желтоқсанда сағат 23.00 шамасында болған.

«Газель» жүк көлігі «Алтай-Катонқарағай» тасжолында, нақты айтқанда Алтай ауданы Средигорное ауылына 3 шақырымдай жерде келе жатқанда кенет өрт шықты.

«Белгілі болғандай, қысқа тұйықталудың салдарынан капот астындағы жанғыш бөлшектер өртенген. Тілсіз жау лезде көлік салонына жайылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көлік пен оған тиелген тұрмыстық техника толықтай жанып кеткен», — делінген ақпаратта.

Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық