jasqazaq.kz

Тұрмыста болған қызға үйленбейсің!

19 маусым 2018, 15:47

Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің болашақ жарына қатысты көпшіліктен ақыл сұрады. Айтуынша, ол сүйіп қалған ару — бұрын тұрмыста болған келіншек екен. Ал  жігіттің ата-анасы ұлдарына табалдырық аттамаған қыз алып бергісі келетін көрінеді.

24 жастағы Еркебұлан (ред. — есімі өзгертіліп берілді) әскерге кетпей тұрып бір қызбен кездесіп жүреді. Бірақ ол ару ғашығы борышын өтеп келгенше тұрмысқа шығып, өз бақытын басқадан тауып кетіпті. Содан кейін махаббаттан көңілі қалған азамат ұзақ уақыт жалғыз жүріп, тағы бір бойжеткенмен танысады.

«Ол қызбен танысып біраз араласқан соң, мінезіне қатты ғашық болдым. Кейінірек ол маған бұрын тұрмыста болғанын айтты. Тағдыры солай болған шығар, өзі қаламаған жігітпен отбасын құруға мәжбүр болған», — дейді ол.

Айтуынша, сүйіктісінің туыстары «қайтып келсең ұят болады» деп, келін боп түскен үйдің ала жібін аттамауды сұраған. Сонымен, бойжеткен ол шаңырақта айтқанға көніп қалғанымен, жарты жылға жетпей, күйеуімен бірге тұра алмайтынын түсініпті.

«Алты ай ғана тұрмыста болған. Бұрынғы жолдасымен арада бала-шағасы да жоқ. Мен сүйіктімді өткені үшін жазғырмаймын. Ешнәрсеге қарамастан онымен бақытты болғым келеді. Барлығы уақыт өте келе ұмытылып кетеді деп ойлаймын.

Бірақ ата-анам мен туыстарым ол қызға үйленуіме түбегейлі қарсы. Ажырасқан әйелді үйге кіргізбейміз деп отыр. Не істерімді білмей, санам сан-саққа бөлінді. Өтінемін кеңес беріңіздерші?», — деген Еркебұлан көптің ақылына жүгініп отыр.

NUR.KZ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық