jasqazaq.kz

Түрмеге отыру үшін жалған ақпарат таратқан

14 желтоқсан 2017, 14:15

Теміржолда бомба жатыр екенін полицияға хабарлаған әйел тәртіп сақшыларына өзі шықты.

Ақтөбеде №2 қалалық сотта Ирина Журавлеваға қатысты іс қаралды. Ол 9 қарашада 102 нөміріне теміржол вокзалында бомба жатқанын хабарлаған деген айыппен сот алдына келді. «Жалған терроризм» бабы бойынша сотталып жатыр. Бұл туралы aktobenews.kz хабарлады.

«Мен өзім полицейлерге шықтым, олар менің үйімді таба алмай жүрді», — деді Журавлева сотта.

Әйел өз кінәсін толық мойындады және жазаның тез орындалуын сұрап отыр. Белгілі болғандай, 3 жыл бұрын Ирина азаматтық некедегі күйеуімен бірге 4 жастағы Арина есімді туған қызын сатпақ болған. Полицейерге ұсталған Ирина 8 жылға сотталды. Бірақ ол 3 жыл түрмеде отырып шығып, шартты түрде босайды.

«Мен шартты түрде мерзімнен бұрын босадым. Түрмеден шығып, қызымды өзімен бірге алып кетемін деп ойладым. Ата-ана құқығымды қалпына келтіріп, қызыммен бірге тұрамын деп шештім. Бірақ оны басқа біреулер асырап алған. Мені ешкім жұмысқа алғысы келмейді. Өмір сүруге ақша жоқ. Сондықтан бомба туралы айтып, зонаға қайтып ораламын деп ойладым…», — деп жауап берді Журавлева.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды