jasqazaq.kz

Түрмеге есірткі кіргізген қызметкер сотталды

26 сәуiр 2018, 21:56

Таразда ЖД 158 /7 түзеу мекемесіне есіртікі кіргізген сол колонияның лауазымды қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Жазасын өтеушіге 7 жарым грамм марихуананы 20 мың теңгеге сатқан режим бөлімі бастығының орынбасары енді 11 жылын темір тордың арғы жағында өткізбек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Капитан Дәуренбек Дәулетбеков жазасын өтеушіге есірткіні өзі ұсынған. Бірақ сотталған азамат бұл жайында өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы прокуратураға хабарлап қойыпты. Сөйтіп, режим бөлімі бастығының орынбасары марихуананы кіргізген кезде ұсталған. Ал, келісілген ақша оған алдын ала берілген болып шықты. Ол мұндай заң бұзушылыққа бірінші рет барған көрінеді. Бірақ, сонда да судья оған аяушылық танытпады. 11 жылға сотталған ол капитан шешінен де айырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде