jasqazaq.kz

Түрмеден шықса да, түзету жалғасады

14 наурыз 2018, 13:07

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольдік ішімді ішуге толық тыйым салынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Мас күйінде жасалатын және рицидивтік құқықбұзушылықтардың қосымша әдістері мен формалары орнатылады. Атап айтқанда, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольдік ішімді ішуге толық тыйым салынады»,- деп атап өтті Е. Тұрғымбаев. Сонымен қатар министрдің орынбасары бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу үш жылдан бастап, соттылығы жойылатын мерзімге дейін ұзартылатынын жеткізді. Бұдан бөлек ол әкімшілік тұрғыда ұстауға тартылған адамдарға мерзімді 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту енгізіліп отырғанын атап өтті. «Олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ұстау шарты бекітіледі», — деді Ерлан Тұрғымбаев. Жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды