jasqazaq.kz

Түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды

19 қантар 2021, 17:17

Рудный қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 161/11 қоныс-колониясынан қашқан екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 16 қаңтарында кешкі сағат 21:00 шамасында колонияның кезекші қызметкері түзеу мекемесінің аумағында сотталған екі тұрғынның жоқ екенін анықтаған. 1986 және 1996 жылы туған екі ер адам колонияның терезесін сындырып, қашып кеткен. «Мекеме басшылығы дабыл көтеріп, жеке құрам бағдарланды. Екі сотталушы Рудный қаласында тұрған, сондықтан Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары мен туыстары тексерілді. Сол күні тәртіп сақшылары сотталғандарды ұстады» делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі уақытта іс сотқа берілді, ал сотталғандардың өздері Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия