jasqazaq.kz

Түрмеден енді шыққан адам көлік ұрлап, өртеп жіберген (Видео)

23 қараша 2021, 13:23

Түрмеден енді шыққан қызылордалық сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Белгілі болғандай, кешкі уақытта қала орталығындағы көшелердің бірінде тұрғынды ұрып-соғып, оның Opel Vectra маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрады. Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар жіберілді. Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте екі күдіктіні ұстады.

Екі ер адам ұрланған көлікті өртеп жіберген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ, күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған. Атап айтсақ, 2015 жылы ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға сотты болған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Екі күдікті қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде