jasqazaq.kz

Түрмедегі күйеуімен кездесуге келген әйелден тыйым салынған зат табылды

11 қыркүйек 2020, 18:33

Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінің біріне SIM-карта кіргізбек болған әйелдің ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға ЕС-164/3 мекемесінде болған. Күйеуімен ұзақ уақытқа кездесуге келген әйелді тексеру барысында одан тыйым салынған зат табылды. Аctiv ұялы байланысының SIM-картасын сөмкесінің ішкі қалтасына тығып, ішке кіргізбек болыпты.

«Карантиндік шектеулерге байланысты қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде көпке дейін сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілмеді. Қазір бұл жұмыстар қайта жанданды. Алайда кей сотталғандардың туыстары бұл кездесулерді тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізу үшін қолданбақ болып жатыр. Сөмкеден табылған SIM-карта тәркіленді, аталған дерек бойынша материал жиналып, әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жіберілді», — дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар сотталған туыстарымен бір жылға дейін кездесе алмайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық