jasqazaq.kz

Түрмедегі қылмыскерге жайлы жағдайын жасаған майор шенінен айырылды

22 қантар 2020, 13:06

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті бастығының орынбасарына 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде қатысты тергеу жүргізген еді. Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына жалпы қамқорлығы үшін «Qiwi» электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз хабарламасында.

21 қаңтарда Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ «Әділет майоры» арнайы шенінен айырылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді