jasqazaq.kz

Түрмедегі баласына есірткі кіргізбек болған ана ұсталды

15 мамыр 2019, 17:19

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, ЗК-169/1 мекемесі режім және күзет бөлімінің қызметкерлері сол мекемеде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен қамауда отырған баласына келген азаматшаны тексеру барысында онда жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тәріздес зат бар екені анықталды. Әйел оны баласына алып келген спорттық аяқ киім арқылы өткізбек болған. Оқиға орнына Қызылорда қаласы полиция басқармасы жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталмыш тыйым салынған зат тәркіленіп, ол сараптамаға жіберілді. «Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша оның марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық