jasqazaq.kz

Түрмедегі 14 адамның ажалы наннан болды

08 шiлде 2019, 11:48

Тәжікстанда сотталған 14 адам наннан уланып, қаза болды, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке елдің Әділет министрлігінің қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі бас басқармасынан хабарлады.

Ведомство таратқан хабарламаға сенсек, сотталған 120 ер адам мен 8 әйел үш машинамен Худжанд және Истаравшан қалаларынан елдің оңтүстігіндегі Душанбеде және Нұрек қалаларында жазасын әрі қарай өтеу үшін тасымалданған. Жолда қамалғандардың бірі үш нанды таратып берген. «Варзоб ауданының Майхур маңында, Душанбе түбінде, кешкісін қамаудағылардың бірі 16 тұтқынға үш нан үлестірді. Жарты сағаттан кейін автокөлікте болған 16 тұтқында жүрек айнуы, бас айналуы және құсу басталды. Жарты сағаттан кейін, автокөлік түзеу мекемесіне кірген кезде нанды жеген 16 адам есінен танып қалды», — деді Тәжікстанның қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі басқармасының өкілдері. Ведомство хабарына қарағанда, дәрігерлер тек екі тұтқынның өмірін сақтап қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, арнайы тергеу тобы құрылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмыстық істі тергеу Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонның бақылауында. Агенттіктің мәліметінше, қамаудағылар қаза болған нанда улы зең саңырауқұлақ болуы мүмкін.

Дереккөзі: tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда