jasqazaq.kz

Түрмеде отырғандар да 42 500 теңгеге өтінім берген

26 мамыр 2020, 14:37

Түрмеде отырғандар да 42 500 теңгеге өтінім берген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

«Еңбек министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушілердің мәліметтерін тексеру кезінде жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлердің жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеу жағдайлары анықталды. Осыған байланысты оларға әлеуметтік төлемдер төлеуден бас тартылды», — деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, төлемді тағайындамау зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауына, төтенше жағдай кезінде зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың өсуіне, жеке кәсіпкерлердің кірісті жоғалтқанын растамауына, бірнеше кірістің болуына, өтініште көрсетілген жұмыс беруші зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сәйкес келмеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, жұмыссыздық мәртебесі бола тұра өтініш бергендер де бар.

Мұнан бөлек, қайтыс болған адамдардың, шетелге шығып кеткен адамдардың, қамауда отырған адамдардың атынан өтініштер, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорындардың қызметкерлерінің өтініштері, белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініштері де түскен. Бұл азаматтарға да әлеуметтік төлем берілген жоқ.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия