jasqazaq.kz

Түрмеде екі жыл жазықсыз отырған азаматқа 28 млн теңге өтемақы төленеді

11 қазан 2021, 10:38

Қара металл сынықтарын жинайтын компания филиалының жетекшісі 2018 жылы 16 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын, деп жазады «Диапазон» басылымы.

Жоғарғы сот қылмыстық істі зерттеп шыққан соң бірінші сатыдағы сот оны айыптау үкімімен жүргізіп, айыпталушының құқығын бұзғанын анықтап, оны Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасына жаңадан қарауға жіберді. Нәтижесінде сотталушының әрекетінде қылмыстық істің болмағаны анықталып, қарама-қарсы шешім шығарылды.

Ақталып шыққан Бардак К. сот арқылы мемлекеттен оған моральдық және материалдық залалды өтеуді талап етті. Ұзақ уақыт бойы ол басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, коммерциялық қызметпен айналысты, үш баланы тәрбиелеп өсірді, үлгілі отбасы болды, бірақ оның беделіне нұқсан келіп, жасамаған қылмысы үшін айыпталды.

Сонымен қатар, бас бостандығынан айырылғандықтан, ағасының жерлеу рәсіміне де қатыса алған жоқ. Осындай қиындықтардан өткені үшін ол 90 млн теңге өтемақы талап етті. Сондай-ақ ол өзін қорғау үшін адвокаттарға 3,5 миллион теңге жұмсаған. Бұл соманы да өтеуді талап етті.

«Сот оның талаптарын ішінара қанағаттандырды. Оның көрген қиындықтарын 20 млн теңгеге бағалады. Ал Қаржы министрлігін жазықсыз сотталған азаматқа 28 млн теңге төлеуді міндеттеді, бұл сомаға моральдық залал, заңдық шығындар және табысы үшін өтемақы кіреді. Әрине, бұл миллиондардың барлығы салық төлеушілердің қаражатынан төленеді. Яғни, сот шешімі мен прокурорлардың қателігі үшін халық өз қаражатынан төлейтін болады», — деп жазады «Диапазон» басылымы.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия