jasqazaq.kz

Түрмеде аузын тігіп тастады (видео)

26 қыркүйек 2019, 15:35

Маңғыстау облысында аса ауыр қылмыс істеген жазасын өтеуші наразылық білдіру үшін өз ауызын тігіп тастаған. Үш адамнан өз дене мүшесін зақымдаушылық дерегі анықталған. Бұл туралы «Лада» сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.

25 жастағы сотталушы Ақтау қаласында 2013 жылдан бері қауіпсіздік деңгейі ең жоғарғы мекемеде жазасын өтеп жатыр. Ер адам тамақ ішуден бас тартып, өз ауызын тігіп тастаған. Ол өңір прокурорымен кездесуді сұрап отыр. «Бұл әрекетіммен мен өзімнің денсаулығыма қиянат жасап отырмын. Мұндай қадамға баруыма мекеменің әкімшілігінің әрекеті түрткі болды. Олар менің конституциялық құқығымды бұзады. Прокурордың біздің колонияға келуін, мені және де басқаларын қабылдауды сұраймын», — делінген хабарламада. Кейінірек Маңғыстау облысының прокуратурасының өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Үш адамның өз денсаулығына киянат келтіргені белгілі болды. «Оқиға орнына облыстық прокуратура қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті жедел тергеу тобы аттанды. Осы дерекке қатысты «Азаптаулар» бабы бойынша мекеме қызметкерлеріне қатысты біріңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізу Антикоррупциялық қызметке тапсырылды», — делінген құзырлы орган хабарламасында. Тергеу шарасы облыстық прокурор бақылауына алынды. Сотталушылар тігістерін алып, тамақ іщуге кіріскен.

https://youtu.be/GEoYfD2iCIo

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда