jasqazaq.kz

Түрмеде ауызын тігіп тастаған қырғыз азаматына қатысты жаңа дерек

03 наурыз 2018, 21:42

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Таразда жазасын өтеп жатқан Қырғызстан азаматына қатысты пікір білдірді.

«ЖД-158/4 түзеу мекемесінде (Тараз қаласы) сотталушы — Қырғызстан Республикасының 1981 жылы туған азаматы өз-өзінің ауыз тұсына жеңіл жарақат түсірген. Оған себеп — мекеме ішіндегі емханадан шығарылуына қарсылық болған. ҚазАқпарат хабарлағандай, Ол сол жерде қыс бойы ем қабылдаған. Аталған факті бойынша Тараз қалалық ІІБ жедел тергеу тобы шақыртылды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен. ҚАЖК мәліметтеріне сәйкес, сотталушының жазбаша өтінішінің негізінде Бас прокуратура оны Қырғызстанға ауыстыру туралы арнайы құжат дайындап, оны жіберген. «Алайда көрші елдің Бас прокуратурасы оған келісім берген жоқ. Сотталушы 3-топ мүгедегі болып табылады. Бірақ оның мүгедектігі Қырғызстан Республикасының азаматы болғандықтан, тіркелмеген», — дейді баспасөз қызметі. 2016 жылы аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдағаны үшін 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған сотталушының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде