jasqazaq.kz

Түрме басшылары сотталғандарға негізсіз жаза қолданған

30 қыркүйек 2019, 14:05

Шымкенттегі түрме басшылары сотталған 7 азаматқа негізсіз жаза қолданған. Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер кезінде анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған. «Тексеру барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – сотталған 2 азаматқа, ИЧ-167/4 мекемесінде — сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/10 мекемесінде — сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/11 мекемесінде – сотталған 3 азаматқа қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылданған. Бүгінде прокурорлық қадағалау актілері негізінде қолданылған жазалардың күштері жойылған» делінген хабарламада. Прокурорлар, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің басшылары сотталған азаматтарға негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялағанын анықтады. Бүгінде аталған шешімдерінің де күштері жойылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда