jasqazaq.kz

Түркиялық жастар қазақ тілін үйренуде

26 желтоқсан 2017, 21:24

Түркияның Гиресун университетінде Еуразия зерттеулері магистратура бағдарламасында биылдан бастап қазақ тілі пәні оқытыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған пәнді енгізудегі басты мақсат — Қазақстанның тілін және мәдениетін білетін зерттеушілер мен келешек дипломаттарын тәрбиелеу болып отыр. Жақында Гиресун университетінде ұйымдастырылған бағдарламаға Түркиядағы ҚР Елшісі Абзал Сапарбекұлы арнайы қатысып, қазақ тілін үйреніп жүрген түркиялық жастарға қазақ тілінен дәріс оқыды. Қазақ тілі пәнін бағдарламаға профессор, доктор Нұрсұлу Четин енгізген. Ол осы пәннен студенттерге дәріс оқып жүр. Н.Четин түрік мәдениетінен жан-жақты хабары бар және түрік тілін толық меңгерген дипломаттың Түркияға елші болып тағайындалуы қазақ халқы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия еліне көрсеткен құрметі екенін айтып өтті. «Біз осы бағдарлама мен пәнді енгізе отырып, келешек зерттеушілер мен дипломаттарға қазақ тілі мен қазақ мәдениетін үйретіп, келешекте қазақ-түрік байланыстарының дамуына септігін тигізетін сапалы маман даярлауды мақсат етеміз», — деді профессор Нұрсұлу Четин. Студенттердің Қазақстан туралы ойларын тыңдаған Елші Абзал Сапарбекұлы Түркияда қазақ тілі сабағының оқытылуы оны үлкен қуанышқа бөлегенін, осындай шараларға әрдайым қолдау көрсететінін және ұйымдастырылуы үшін жәрдем беретінін айтты.

Қазақ тілі сабағынан кейін Гиресунде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездескен елші студенттердің өтініштері мен талаптарын тыңдады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде