jasqazaq.kz

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты

25 қантар 2020, 21:09

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 20-ға жетті, мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы тілшісі Reuters порталына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Малатья мен Элязыг шығыс түрік провинцияларында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20 адамға дейін өсті,1015 адам жарақат алды. Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, 16 адам Элязыг провинциясында және төрт адам көрші Малатья провинциясында көз жұмған.

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу құтқарушылар үйінділерді қарап жатқанын хабарлады, олардың астынан тағы 30 адам табылуы мүмкін.

Элязыг провинциясы Сивридже қаласының маңында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі жұма күні сағат 23.55-те (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) болған. Төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметінше, табиғи апат аймағында 28 түрік провинциясынан 493 құтқарушы команда жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісі аймағына 1689 шатыр, 1656 кереует және 9200 көрпе жеткізілді.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жер сілкінісі Иран, Сирия және Ливанда да сезілген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық