jasqazaq.kz

Түркиядағы сайлаудың нәтижесі белгілі болды (видео)

25 маусым 2018, 10:25

Түркия әлемге демократия сабағын үйретті, деп мәлім етті Режеп Тайып Ердоған президент және парламент сайлауының нәтижесіне түсініктеме бере отырып. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады.

Жоғарғы сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювен Режеп Тайып Ердоған президент сайлауында абсолютті көпшілік дауысын жинағанын жария етті. Ердоғанның айтуынша, сайлау күнгі қауіпсіздік пен еркіндіктің көрінісі — түрік демократиясы жетістігінің көрсеткіші. «Сайлауға келушілер саны 90 пайызға жетіп, әлемнің көптеген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның барлық жерінде сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанына көңіліміз толады», — деді түрік көшбасшысы.

Президент 24 маусымдағы сайлау Түркияның бұдан ары қарайғы жетістіктерінің кепілі болады деген үміт білдірді. Ердоған отандастарын ұлт болашағы үшін бірігуге шақырды. «Сайлау алды кезеңдегі болған барлық өкпе-ренішті, келіспеушілік пен ұрыс-керісті артта қалдыру керек. Еліміздің болашағы үшін күш-жігерімізді ортақтастырар кез келді», — деді мемлекет басшысы. Президент сайлау үдерісі мен дауыс беру нәтижелерін сынаудан бас тартуға үндеді. «Ешкім өзінің сәтсіздіктерін жасыру үшін сайлау үдерісіне көлеңке түсірмеуі тиіс», — деді Ердоған. Президент Түркия билігі елді дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген мақсаттарға жетуге толықтай әзір екендігін атап өтті. Түркияда қала көшелерінде Режеп Тайып Ердоғанның және ол жетекшілік ететін Әділет және даму партиясының жеңісін мерекелеуді бастады.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді