jasqazaq.kz

Түркияда пойыз апатынан 10 адам көз жұмды (видео)

09 шiлде 2018, 10:14

 Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг елді мекенінде Капикуле — Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызының бірнеге вагоны рельстен шығып кетіп, аударылған.

Апат салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тауып, 73-і жарақат алған. Бұл туралы «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. Оқиға болған Чорлу ауданына жедел жәрдем мен құтқарушылар келіп жеткен. Жарақат алғандарды эвакуациялау үшін техниканың барлық түрі жұмылған. Алдын ала мәлімет бойынша, вагондар көп жаңбыр түскеннен кейін басылған топырақтың әсерінен рельстен шығып кеткен. «Зардап шеккендер көп. Оқиға орнында жету қиын болғандықтан, ауданға арнайы техника тартылды. Жарақат алғандардың басым бөлігі оқиға орнынан эвакуацияланды. Апат жаңбырдың мол түсуінен болды деген мәлімет бар. Таяуда министрлік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасайды», — деді елді мекеннің губернаторы Мехмет Джейлан. Түркия билігі төтенше жағдайдан көптеген адамдың қаза тауып, зардап шеккенін растады. Оқиға жайлы ел басшысы Режеп Тайип Ердоғанға баяндалған.

https://youtu.be/1A0sPzrE2V0

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді