jasqazaq.kz

Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

03 қыркүйек 2020, 10:57

 

Түркиядағы коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.

— Пандемия жалғасуда, инфекция жұқтырушылар саны күн сайын көбейіп келеді. Біз бірінші толқынның екінші шыңын бастан өткеріп жатырмыз. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурса әлі де тәуекелдің ең жоғары деңгейіне жатады, — деді Қожа журналистерге.

Ол елдің жаңа провинцияларында — Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекцияны жаңадан жұқтырушылар көптеп тіркеліп жатқанын айтты.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбіде Түркияда КВИ жұқтырудың 1 596 жаңа жағдайы тіркелді, бұл — 15 маусымнан бастап күн сайынғы ең үлкен өсім. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 273 301-ге жетті, пандемия басталғаннан бері тәулігіне 45 адам қайтыс болды, барлығы — 6 462.

Министр бір күн бұрын Түркияда КВИ анықталған адамдардың саны тәулігіне 1 572-ге артқанын, 47 науқас қайтыс болғанын, бұл олардың 15 мамырдан бергі тіркелген ең үлкен көлем екенін мәлімдеді.

Қазір коронавирусқа шалдыққандардың ең көбі — Анкарада, мұнда науқастар саны Ыстамбұлға қарағанда екі есе көп, — деді Қожа.

— Сондықтан біз Анкарада көбірек жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе әлеуметтік қашықтыққа қатысты іс-қимылдар жасай бастадық. Белгілі бір жастан асқан адамдарға әртүрлі мекемелерге кіруге тыйым салынады. Бірақ әзірге күн тәртібінде коменданттық сағат сияқты шараларды қолға алу жоспары жоқ, — деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, пандемия уыстан шығып кетті, ырық бермей жатыр деп айтуға әлі ерте, бірақ «кейбір провинцияларда жағдай қиын».

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық