jasqazaq.kz

Түркияда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға түсті

28 қантар 2020, 11:20

Оның 10-ы Қытайдан келген туристер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған екеуі жүргізуші мен туроператор қызметкері. Қазір олар Ақсарай қаласындағы ауруханада бақылау үстінде. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат жергілікті әкімшілікке сілтеме жасап хабарлайды. Тілшіміздің айтуынша, Қытайлық туристер осы күндерде елге саяхаттап келген. Олардың ішінде, біреуі жөтелуіне байланысты кеше кешкісін медициналық ұйымға жүгінген. Сол себепті, науқастың қасындағы байланыста болған 11 кісіні санитарлық- карантиндік тексеруге алынған.

Қазір коронавирустың бар- жоғы әлі расталған жоқ. Али Манты, Ақсарай провинциясының губернаторы:

– Саяхат тобындағы бір Қытай азаматы жөтелуіне байланысты ауруханаға жүгінді. Сосын қалған байланыста болған 11 кісі де Ақсарай зерттеу ауруханасына жеткізілді. Әзірге, ешқандай ауру расталған жоқ.

Керим Йешилдағ, провинциялық денсаулық сақтау директоры:

– Сақтық шарасы ретінде 24 сағатқа дейін бақылаймыз. Өкпе мен қанға сараптама жасалды. Таза шықты. Қалған анализдер денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Жауап келгеннен кейін оларды ауруханадан шығарамыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде