jasqazaq.kz

Түркияда АҚШ елшілігіне оқ атылды (видео)

20 тамыз 2018, 14:09

Анкарада белгісіз адамдар көлік ішінен Америка елшілігіне оқ атты, зардап шегушілер жоқ.
Baq.kz жазғандай, оқыс оқиға таңғы 05.00 шамасында болған. Ататүрік желекжолына келген ақ түсті жеңіл көліктен елшілікке 4-5 рет оқ атылған. Оқ дипломатиялық өкілдерді күзететін полицияның шағын нысанына тиген.
Оқ атылған жерге полиция жасағы келіп, тергеуді бастап кетті. 2016 жылы Түркия билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды қамауға алғалы Вашингтон мен Анкара арасы «салқындап» кеткен. АҚШ Қаржы министрлігі «адам құқығын өрескел бұзды» деп Түркия Әділет министрлігінің басшысы Абдулахмита Гюл мен ІІМ-нің басшысы Сүлеймен Сойлға қарсы санкция салған, деп жазады Риа Новости.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан дипломат қайтыс болды. Ал Ресей президенті аталған лаңкестік жағдайды «Ресей-Түркия қарым-қатынасын тұрақтандыру іс-шараларын бұзуға бағытталған арандатушылық» деп бағалады және қызмет бабында көз жұмған саясаткерді мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді