jasqazaq.kz

Түркияда 9 жастағы қазақстандық баланы көлік қағып кетті

01 қазан 2020, 10:59

Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Түркияның БАҚ-тарында Қазақстаннан келген 9 жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама тараған еді.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, оқиға Анталия провинциясындағы Алания ауданының Қарғыджақ ауылында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы – Қазақстанның азаматын қағып кеткен. Оқиға орнына бірден жеткен медициналық бригада баланы ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Көлік аптатына кінәлі ұсталып, тергеу басталған.

Куәгерлердің айтуынша, бала отбасымен келе жатып, жолдан өтіп үлгермеген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқыс оқиғаның болғанын растады.

«Көз жұмған баланың ата-анасы консулдыққа хабарласқан жоқ. Біздің мәліметтер бойынша олар ұлын Түркия аумағына жерлеген», — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық