jasqazaq.kz

Түркия қисынсыз тыйым салды

06 тамыз 2020, 21:06

Түркия Қазақстан тасымалдаушыларына рейстер орындауға себепсіз тыйым салды.

5 тамызда кешкі сағат 6-да Air Astana-ның Алматыдан Ыстамбұлға ұшатын ұшағы рейсті орындауға ұшу-қону жолағына шыққан кезде түрік авиациялық билігі қоңырау шалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Түркияға ұшуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған.

Тек бір сағаттан кейін «Түркия мен Қазақстан арасында рейстерді орындауға тыйым және Түркияның Сыртқы істер министрлігімен үйлестіру арқылы тек репатриациялық рейстерді орындауға мүмкіндігі» туралы ресми хат жолдады.

Екі сағаттан кейін рейсті орындауға бір жолғы рұқсат алынды және 101 жолаушы діттеген жерге ұшып кетті.

Айта кететін жәйт, Air Astana болсын, Қазақстанның авиациялық билігі болсын, екі елдің елшілігі болсын түрік тарапы бұл тыйым туралы алдын-ала хабарламаған, және бұл рейс екі сағатқа ғана кешікті және жолаушыларға қолайсыздықтар тұғызды.

Айдос Құсайынұлы

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық