jasqazaq.kz

Түркия инвесторлары Түркістанда жаңа әуежай салады

17 мамыр 2019, 10:59

Түркия инвесторлары биыл Түркістан қаласында жаңа әуежай құрылысын бастайды. Бұл туралы бүгін елордада Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан Жаһандық инвестиция бойынша «дөңгелек үстел» барысындай айтылды.

«Түркістан қаласында түрік инвесторларының қатысуымен жаңа әуежайдың құрылыс жобасы басталғалы жатыр. Осы іс-шара барысында инвестормен келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Ертең Форум аяқталғаннан кейін бірден Түркістан қаласына бару көзделген. Әкімдік деңгейіндегі мәселелердің барлығы сол жерде шешілуі керек. Жақын арада, яғни биыл құрылыс жұмысын бастау жоспарланған», — дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев. Сонымен бірге, басқарма төрағасы Қазақстанға тартылып жатқан инфестиция туралы сөз қозғады. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанға 24 млрд-тан астам доллар тікелей инвестиция тартылған болатын. Соңғы 2-3 жылды салыстырып қарасаңыз, Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның көлемі өсіп келеді. Тағы бір маңызды нәрсе — бұрынғы жағдайда инвестицияның басым көлемі мұнай саласына тартылған болатын. Өткен жылы тартылған инвестициялардың 45 пайызы ғана мұнай-газ саласына құйылған. Яғни, жартысынан астамы — басқа салаға, коммуникация, көлік, инфрақұрылым, өндіріс, тамақ өнеркәсібіне тартылған», — дейді ол.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық